×

Қытайдан әкелінген 25 мың келіден аса құс еті жойылды

Кәсіпкерге айыппұл салынды

 Динара Амантай 26.07.2024 | 17:17
Фото: © Sputnik / Павел Лисицын

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Қытайдан заңсыз әкелінген 25 мың келіден аса құс етін жойды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Рейд барысында «Жібек жолы» сауда орталығының аумағында ветеринариялық сертификатсыз және басқа да қосымша құжаттарсыз Қытайдан әкелінген 35 мың 70 келі құс еті анықталған.

Тәркіленген құс етінің барлық партиясы Шымкент қаласының Ақтас кентінің қалалық қоқыс жинау орталығының аумағындағы Беккари шұңқырында өңделіп, жойылды. Онда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіліп, оның ішінде ет контейнері мен 9 «Газель» жүк көлігі өңдеу шараларынан өтті, – делінген хабарламада.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406-бабының 1-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерге 50 АЕК айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама