Halyq Uni логотип
×

Полицейді балағаттаған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды

Ол соттан және инспектордан кешірім сұрады

 Динара Амантай 26.07.2024 | 14:03
Полицейді балағаттаған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында полицейді балағаттаған жасөспірімге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іс-құжаттарына сәйкес, жасөспірім 20 маусымда сағат 14:00 шамасында Камалов көшесі бойында полиция қызметкерін балағаттаған. Баланың анасы кінәсін мойындап, алдағы уақытта бұл жағдай қайталанбайтынын, соттан және инспектордан кешірім сұрайтынын айтты.

Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 18 мың 91 теңге көлемінде айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама