Halyq Uni логотип
×

Отандық өндірушілер енді сүт өнімдерін Әзербайжанға экспорттай алады

Бірқатар ветеринариялық сертификаттар бойынша келісімге қол жеткізілді

 Динара Амантай 26.07.2024 | 13:24
Отандық өндірушілер енді сүт өнімдерін Әзербайжанға экспорттай алады
Фото: Halyq Uni

Қазақстан мен Әзірбайжан Республикасы бірқатар ветеринариялық сертификаттар бойынша келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, енді отандық өндірушілер ірі және ұсақ малдан алған сүт пен сүт өнімдерін Әзірбайжанға экспорттай алады. Сондай-ақ құс етін, ішкі өнімдер мен жанама өнімдерді жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Түйелерді және түйе тұқымдасының басқа да түрлерін, атап айтқанда лама, альпака және викунья, асыл тұқымды ірі қара, ұсақ мал, союға арналған ірі және ұсақ мал, консервілер, шұжық және басқа да дайын ет өнімдерін экспорттау үшін ветеринариялық сертификатқа қол қою келісілді.

Қол жеткізілген келісім қазақстандық экспортты кеңейту және екі ел арасындағы мал шаруашылығы саласындағы экономикалық серіктестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл экономикалық өсім мен өркендеуге септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Айдарбек Сапаров.

Экспортқа шығарылатын өнім түрлерінің тізімін кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама