×

Қазақстанда ресейлік екі университеттің филиалы ашылады

Ресейлік ЖОО-лардың филиалы Алматы және Атыраудағы университтердің базасында құрылады

 Ая Өміртай 08.06.2022 | 10:23
фото: yandex.kz

«МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалын және И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалын құру туралы жоба нұсқасы жарияланып, ашық талқылауға шығарылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы және С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы құрылмақ.

Филиалдар білім беру қызметін қазақ тілі мен Қазақстан тарихын оқыту бағдарламасына енгізе отырып, аккредиттеу Қазақстан аумағында танылатын «МИФИ» ұлттық зерттеу ядролық университеті мен И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырады.

Оқыту қазақстандық филиалдар базасында екі және (немесе) үш жыл, бас университеттер базасында бір және (немесе) екі жыл жүзеге асырылады.

Бас ЖОО-лардың профессорлық-оқытушылық құрамын тарта отырып, білім беру процесін ұйымдастыру, олардың әрбір филиалдағы үлесі кемінде 50%-ды құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама