Halyq Uni логотип
×

Банкрот деп танылған мекемеге берілген аңшылық алқаптар мемлекетке қайтарылды

Кінәлілер жауапқа тартылды

 Динара Амантай 26.07.2024 | 12:39
Банкрот деп танылған мекемеге берілген аңшылық алқаптар мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Қостанай орблысында 10 жыл бұрын жеке меншікке берілген аңшылық алқаптар мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2011 жылы «Сильвер СК» ЖШС-ға Қамысты ауданының аумағында 212 мың гектар алқапта аңшылық шаруашылығын жүргізуге құқық берілген. Кейіннен Жоғарғы соттың 2022 жылғы 22 қарашадағы шешімімен аталмыш мекеме банкрот деп танылған және оның толыққанды қорықшылық қызметті ұйымдастыру үшін ресурстары болмаған.

Алайда, әкімдік жерді мемлекет қарамағына қайтару жөнінде шаралар қабылдамаған болып шықты.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт бұзылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама