ҰҚК қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
29 шілде мен 3 тамыз аралығында шектес аумақтағы «Маштаково» БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді. Ешқандай шектеулер енгізілген жоқ, – делінген ведомство хабарламасында.
Шекара қызметі аталған мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.