Halyq Uni логотип
×

Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде қозғалыс шектелуі мүмкін

ҰҚК қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды

 Динара Амантай 26.07.2024 | 11:54
Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде қозғалыс шектелуі мүмкін
Фото: Halyq Uni / Жансерік Күзембай

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

29 шілде мен 3 тамыз аралығында шектес аумақтағы «Маштаково» БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді. Ешқандай шектеулер енгізілген жоқ, – делінген ведомство хабарламасында.

Шекара қызметі аталған мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама