Halyq Uni логотип
×

Талдықорғандағы «Ардагерлер саябағы» мемлекетке қайтарылды

Сот прокуратураның арызын қанағаттандырды

 Динара Амантай 26.07.2024 | 18:20
Талдықорғандағы «Ардагерлер саябағы» мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Талдықорғандағы «Ардагерлер саябағы» мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратураның мәліметінше, 2004 жылы саябақ аумағына жататын учаске жеке тұлғаға заңсыз берілген. Кейіннен, жер иесі онда элиталық коттедждік қалашық салуды көздеп, пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген.

Сот Талдықорған қаласы прокуратурасының «Ардагерлер саябағының» 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама