×

Қаржылық мониторинг агенттігі атынан хабарласатын алаяқтар көбейді

Агенттік қазақстандықтарға ескерту жасады

 Динара Амантай 26.07.2024 | 10:02
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалған алаяқтық фактілері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Сөйлесу кезінде олар қаражатты банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру қажет екендігін айтады. Әрі қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді беруді сұрайды.

Алаяқтар жәбірленушіге Агенттік атынан жалған құжаттар жіберіп, бұл туралы ешкімге хабарламауға кеңес береді. Құжатта мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылатынын атап өту керек.

Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар не операциялар жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыс орнатуға бағытталған қызметті іске асырмайтынын ресми түрде мәлімдейді – делінген Агенттік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама