Дефляцияның орташа индексі 99,8% болды
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеген.
Сонымен бірге, дефляцияның орташа индексі 99,8% болды. Нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізіліп, салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді.
Бұған қоса, Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істей бастады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін ай сайын шекті баға белгіленетінін хабарлаған болатынбыз.