Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларға жол берілген
Өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметкерлері апат болған Абай шахтасында өрескел заң бұзушылықтарды анықтап, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын сотқа берді.
Кен орнында адам өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларға жол берілген. Нақыт айтқанда, шахта тау-кен қатпарының температурасын анықтайтын аспаптармен қамтамасыз етілмеген. Тау-геологиялық жағдайларды болжау әдістемелері де жоқ.
Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» өзіне тиесілі кен орындарында жерасты сейсмикалық бақылау жүргізбеген, геологиялық-маркшейдерлік қызмет учаскелерінде компьютерлік техникаларын жаңартпаған.
Инспекторлар барлық шахталарда өндірістік қауіпсіздік заңдары мен ережелері бұзылғанын анықтады.