Halyq Uni логотип
×

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының барлық шахтасына еш жағдай жасалмаған

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларға жол берілген

 Еркеғали Болатұлы 08.06.2022 | 09:52
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының барлық шахтасына еш жағдай жасалмаған
фото: minber.kz

Өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметкерлері апат болған Абай шахтасында өрескел заң бұзушылықтарды анықтап, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын сотқа берді.

Кен орнында адам өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайларға жол берілген. Нақыт айтқанда, шахта тау-кен қатпарының температурасын анықтайтын аспаптармен қамтамасыз етілмеген. Тау-геологиялық жағдайларды болжау әдістемелері де жоқ.

Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» өзіне тиесілі кен орындарында жерасты сейсмикалық бақылау жүргізбеген, геологиялық-маркшейдерлік қызмет учаскелерінде компьютерлік техникаларын жаңартпаған.

Инспекторлар барлық шахталарда өндірістік қауіпсіздік заңдары мен ережелері бұзылғанын анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама