Апаттан екі адам зардап шекті
Азаматтық авиация комитеті Алакөлге құлаған дельтапланға қатысты мәлімдеме жасады.
Бүгін 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады комитеттен.
Ведомство сондай-ақ осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.