Halyq Uni логотип
×

Елена Рыбакина Париж олимпиадасына қатыспайтын болды

Теннисшінің спорттық додадан тыс қалуына денсаулығы себеп болған

 Халық үні 25.07.2024 | 21:45
Елена Рыбакина Париж олимпиадасына қатыспайтын болды
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиада ойындарына қатыспайды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір Елена жіті бронхит ауруына шалдыққан, дәрігерлер оған кортқа шықпақ түгілі тіпті ұшақпен жарысқа ұшып баруына да қатаң тыйым салған.

Рыбакина Олимпиадада керемет ойын көрсету үшін барын салып дайындалды, алайда сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі шын жүректен спортшының тезірек сауығып кетуін тілейді және оның күшіне сенеміз және жаттығулар мен жарыстарға қайта оралуды асыға күтеміз, - делінген хабарламада.

Елена Рыбакина қазақстандықтарға Париж Олимпиадасына қатыса алмайтынын өкінішпен хабарлады.

Уимблдон турнирінен кейін жіті бронхитпен ауырдым. Жаттығуға оралуға әрекеттенсем де, менің ағзам толықтай қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма қатаң тыйым салды. Париж Олимпиадасында біздің құрама үшін өнер көрсетіп, ел үмітін ақтай алмайтыным өте өкінішті. Токиода медальға қол созым жерде болдым. Парижде Қазақстан үшін алтын алуға мұқият дайындалдым.

Өкінішке қарай, ауру бұл жоспардың орындалуына мүмкіндік бермеді. Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін. Мен біздің барлық атлеттерімізге жанкүйер боламын, олардың Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғайтынына сенемін. Алға, Қазақстан!, - деді Е.Рыбакина.

Еске сала кетейік, бүгін Рыбакинаның Париж олимпиадасындағы қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама