×

Жоғары білімді кадрладры даярлауға 230 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген

Мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылып жатыр

 Динара Амантай 25.07.2024 | 16:55
Фото: Halyq Uni

Жоғары білімі бар кадрладры даярлауға 230 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкімет баспасөз қыметінің мәліметінше, қазір Қазақстанда 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 642 мың 588 адам оқиды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 255 мың 685 студент оқыса, профессор-оқытушылар құрамы – 37,4 мың адам.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. Биыл 93 мың 952 грантты (бакалавриат – 77 844, магистратура – 13 189, докторантура – 2 919) қаржыландыру көлемі 228,6 млрд теңге болды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 300 орындық 3 жатақхана, оның ішінде 2-уі ЖОО үшін, 1-уі колледждер үшін 70 орындық жатақхана пайдалануға берілді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарында 27 969 шетелдік студент оқиды, – делінген Үкімет ұсынған ақпаратта.

Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, елімізде шетелдік ЖОО-лардың филиалын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 19 стратегиялық әріптестік пысықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама