Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Швейцария қылмыстар бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге келісті

Бұл қылмыстық істердің ашылу көрсеткішін арттырады

 Қымбат Елтайқызы 25.07.2024 | 15:33
Қазақстан мен Швейцария қылмыстар бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге келісті
фото: Halyq Uni

«Қазақстан Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық кеңесі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы» Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаулы жобасының мақсаты Қазақстан Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық кеңесі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның жобасын мақұлдау мен Қазақстан Бас прокурорына оған қол қоюға өкілеттік беру болып саналады. Меморандумға сәйкес, тараптар онда көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда, бір-біріне қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге міндеттеледі, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Меморандумаға қол қою Қазақстан мен Швейцария Конфедерациясының құзыретті органдары арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама