Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында миссионер әйел балаларды заңсыз оқытқан

Оған қомақты айыппұл салынды

 Динара Амантай 25.07.2024 | 14:37
Жамбыл облысында миссионер әйел балаларды заңсыз оқытқан
Фото: depositphotos

Жамбыл облысында діни оқытумен заңсыз айналысқан ауыл тұрғынына қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, 2024 жылдың маусымында Қордай ауданының Қарасу ауылында миссионерлiк қызметпен заңсыз айналысқан әйел жиырмаға жуық баланы діни наным-сенімге оқытқан.

Сот қаулысымен азамат Ю. ӘҚБтК-нің 490-б. 3-б. бойынша әкімшілік жазаға тартылып, оған 360 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Еске сала кетсек, бұған дейін елге діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз әкелген шетелдіктерге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама