Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларға жетті
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Түмен облысының губернаторы Александр Моор Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларға жеткен.
Кездесу барысында мемлекеттік шекара арқылы жүк-жолаушы тасымалы бойынша көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды. Шекаралардағы кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында 2 жолақ, жеңіл көлік бағытында 4 жолақ салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, жоғары білім, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.