Halyq Uni логотип
×

Ферроқорытпа зауытындағы апат: екі жұмысшының халі жақсарды

Дегенмен тағы екі адам әлі жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатыр

 Қымбат Елтайқызы 25.07.2024 | 11:22
Ферроқорытпа зауытындағы апат: екі жұмысшының халі жақсарды
фото: vlast.kz

Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккен жұмысшылардың халі белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Қарағанды ферроқорытпа зауытының зардап шеккен екі жұмысшысының профессор Х.Ж.Мақажанов атандыға көпсасалы аурухананың комбустиология бөлімінде жатқанын білесіздер. Дәрігерлер олардың халінің жақсаруына байланысты пациенттердің емдеу режимін жеңілдетті. Енді олар палата ішінде жүріп-тұра алады және пациенттердің жақын туыстарына қысқа уақытқа келуге рұқсат етілді», – деді профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматология орталығының басшысы Берік Төлеубаев.

Оның мәлімітенше, алайда тағы екі пациент әлі де жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатыр. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп келеді.

Апаттан зардап шеккен 8 жұмысшының 4-еуі қаза тапты. Қалған төртеуінің ауруханада екені белгілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама