Қызылорда облысында қылмыстық топ 30-ға жуық пәтерді тонаған
Олардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
Қызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Олар Шиелі ауданында кезекті пәтерді тонап, қашпақ болған жерінен қолға түсті. Үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысының тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күшпен ашып, үй ішіне заңсыз кірген. Артынша ақша, құндыз тон, техника мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де заттар тәркіленді. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі – 14 млн теңге.
Бүгінде күдіктілер қамауға алынды. Олардың облыс аумағында 24 пәтер ұрлығын жасағаны анықталып, өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр.