×

Еңбек мигранттарының көбі елімізге Қытайдан келеді

Басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді

 Динара Амантай 25.07.2024 | 18:25
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді. Олардың көбі Қытайдан келген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әкімдіктердің рұқсатымен елімізде 14 мың 49 шетелдік еңбек етеді.

Шетелдік басшылар мен олардың орынбасарларын жұмысқа тартуға рұқсат 576 адамға, құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 мың 598 адамға рұқсат берілсе, үшінші және төртінші санаттағы мамандар мен білікті жұмысшылаға тиісінше 5 мың 353 адамға және 473 адамға рұқсат берілген. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 1 мың 899 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 мың 150 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмысшыларды пайдаланатын 1 мың 796 жұмыс беруші бар. Оларда 436,1 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді. Олар қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ын құрап отыр.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 397 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 897 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 592, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 293 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 252 адам.

Сонымен бірге еңбек мигранттары келетін негізгі елдер аталды. Олар: Қытай – 4 123 адам, Өзбекстан – 1 968 адам, Түркия – 1 152 адам, Үндістан – 1 114 адам.

Айта кетсек, биыл шетель азаматтарына 22 мың квота белгіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама