1999 жылы туған оның денесінің 90 пайызын күйік шалған
Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы оқыс оқиғадан жарақат алған тағы бір жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Дәрігерлердің қанша тырысқанына қарамастан, өкінішке қарай, Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір жарақат алған жұмысшысынан айырылдық. Денесінің 90 пайызын күйік шалған, 1999 жылы туған, осы уақыт бойы жағдайы өте ауыр болған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын ниетпен көңіл айтамыз, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін төтенше жағдай салдарынан 8 жұмысшының зардап шеккенін жазған болатынбыз. Оның ішінде денесінің 85 пайызын терең күйік шалған 1993 жылы туған науқас қайтыс болған еді.