БҚО-да табиғатты ластаған компанияға айыппұл салынды
Кәсіпорын ластаушы заттардың шығарындыларын рұқсатсыз шығарған
БҚО-да табиғатты ластаған компанияға айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы табиғатты ластаған компанияны анықтап, Экология басқармасына тексеру жүргізу туралы талап жолдады.
Тексеру барысында «Айдана» ЖШС кәсіпорны 2021 жылдың 11 маусымында эмиссияға рұқсат алғанмен. 5 және 10 маусым аралығында табиғатқа ластаушы заттардың шығарындыларын рұқсатсыз шығарғаны анықталды.
Салдарынан кәсіпорынға ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша 2 млн 351 мың 522 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кәсіпорын айыппұлды толығымен төледі.