Halyq Uni логотип
×

«Аграрлық несие корпорациясы» директоры сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

 Динара Амантай 24.07.2024 | 16:03
«Аграрлық несие корпорациясы» директоры сотталды
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Петропавл қалалық сотында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикордың мәліметінше, сотталушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алуға несиелерді жеделдетіп бергені үшін 100 мың және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше мәрте пара алған.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама