«Наурыз» бағдарламасы бойынша несиелендіру басталды
Займға өтінішті екі тәсілмен беруге болады
Отбасы Банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша несиелендіру басталғанын хабарлады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Займға өтінішті видеобанкинг арқылы онлайн түрде немесе банк филиалына барып тапсыруға болады.
Сондай-ақ банк өкілдері қыркүйекте қайтадан өтініш беріп, баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік бар екендігін жеткізді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялаған болатын. Барлығы 38 320 өтінім өңделіп, оның ішінде 12 500 қазақстандық бағдарлама қатысушысы атанған.