×

Алматыда судья сот отырысынан кейін қайтыс болды

Дәрігерлер оны құтқара алмаған

фото: almaty.sud.kz

Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов сот отырысынан кейін кенеттен қайтыс болды.

Бұл туралы Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Бүгін Алматы қалалық сотының судьясы, досым және әріптесім Біржан Кәрібжанов сот отырысынан шыққаннан кейін есінен танып қалған. Өкінішке орай, дәрігерлер оны құтқара алмады. Иманды болсын. Ол небәрі 50 жаста еді», - деп жазды ол. 

Ол судья Біржан Кәрібжановтың Абай өлеңдерін оқып жатқан видеосын да бөлісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама