×

Сұраныс бар – ұсыныс жоқ: Түрмелерге кәсіпкерлерді тарту әлі де өзекті болып отыр

Адам құқығы жөніндегі уәкіл түзеу мекемелеріне барды

 Динара Амантай 24.07.2024 | 14:52
Фото: Адам құқығы жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі

Түзеу мекемелерінде кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлерді тарту мәселесі өзектілігін жоғалтпай тұр. Бұл туралы Адам құқығы жөніндегі уәкіл Артур Ластаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кеше Артур Ластаев Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында орналасқан қауіпсіздігі барынша жоғары ҚАЖК №18 мекемесінде болды. Омбудсмен колониядағы сотталғандардың жағдайымен танысып, мекеменің ең төменгі халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексеріп, асхана, тұрғын үйлер, медициналық пункт, өндірістік нысандарды аралап шықты.

Сотталғандармен жеке әңгімелесу барысында оларды жұмыспен қамту мәселесі де сөз болды. Қазір колонияда ағаш, металл және жиһаз жасаумен айналысатын 7 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2 жылыжай мен техникалық қызмет көрсету станциясы бар. Барлығы 230 сотталған азамат жұмысқа орналастырылған. Бұл ретте жұмыс орындарына деген сұраныс ұсыныстан қарағанда айтарлықтай көп екендігі айтылды.

Түзеу мекемелерінде кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлерді тарту мәселесі өзектілігін жоғалтпай тұр. Бұл сұрақты мен барған барлық дерлік мекеме басшылары көтереді. Біз, әрине, бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеуіміз керек және мен кәсіпкерлерді осындай орындарда кәсіпорындар ашудан қорықпауға шақырамын, өйткені тәжірибе көрсеткендей, мұнда адамдар қалай жұмыс істеу керектігін біледі және ең бастысы жұмыс жасауға деген ынталары жоғары, - деді  Артур Ластаев.

Уәкіл сотталғандарды жеке қабылдап, олардың өтініштерін тыңдады, сондай-ақ сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны жеңілдету институтын жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сұрақтарына жауап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама