Тоқаев Өзбекстан президентін құттықтады

Динара Амантай

Сондай-ақ, тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады. Президент бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады.

Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.