Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Армения денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасады

Министр Төтенше және өкілетті елшімен кездесті

 Динара Амантай 24.07.2024 | 14:04
Қазақстан мен Армения денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасады
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Армения денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасатын болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Арменияның Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесіп, екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Кездесуде екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру және 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеу туралы келісім жасалды.

Сондай-ақ, тараптар медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметін жетілдіру, денсаулық сақтауда IT-технологияларды енгізу, Қазақстанда Армения азаматтарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ кардиология, кардиохирургия, экстракорпоралдық ұрықтандыру және нейрохирургия саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама