Halyq Uni логотип
×

Астанада жолға таласқан жүргізушілер қамауға алынды

Сот отырысында екеуі де әрекетін жоққа шығармады

 Динара Амантай 24.07.2024 | 14:24
Астанада жолға таласқан жүргізушілер қамауға алынды
Фото: Halyq Uni

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жолға таласқан 2 жүргізушіге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іс материалдарына сәйкес, жүргізушілер қаладағы көшелердің бірінде көлік айдап бара жатып, жолды бөлісе алмаған. Артынша екеуі көліктерін тоқтатып, көпшіліктің көзінше төбелесе бастаған.

Сот отырысында екеуі де әрекетін жоққа шығармады әрі олардың қоғамдық тәртіпті бұзғаны іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерінің баянатымен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталды.

Сот қаулысымен екі құқық бұзушы да ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама