×

Әсел Айтпаеваның ісі: Күдікті алқабилер сотынан бас тартты

Мұрат Мейірбеков адам саудасы және адам зорлау ісімен бір жылдан бері қамауда отыр

фото: ашық дереккөзден

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі бойынша қамауға алынған жалғыз күдікті алқабилер сотынан бас тартты. Бұл туралы алдын ала сот тыңдалымына дайындықта айтылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мұрат Мейірбеков қорғаушысымен бірге сот отырысының қарапайым форматын таңдаған.

«Алқабилерсіз кінәсіз екенін дәлелдеу оңай. Ол қорғаушымның еркі, мен оны мәжбүрлей алмаймын», - деді журналистерге Мұрат Мейірбековтың адвокаты Чинзбек Маханов.

Сондай-ақ, істе «Зорлау» бабы болғандықтан сот отырысы БАҚ өкілдерінсіз өтті. Алайда Әсел Айтбаеваның ата-анасы мен олардың қорғаушысы процестің ашық өткізілуін талап еткен. Сот залына журналистермен бірге марқұмның әкесі де кіргізілген жоқ. Өйткені іске куәгер ретінде шақырылған адам заң бойынша сотқа қатыса алмайтыны айтылған.

Марқұм Әселдің өліміне қатысы бар жалғыз күдіктінің мүддесін оның адвокаты мен қоғамдық қорғаушы ретінде ағасы қорғамақ.

Мұрат Мейірбеков адам саудасы және адам зорлау ісімен бір жылдан бері қамауда отыр.

Еске салайық, қазақстандық Әсел Айтбаева 5 мамырда Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз көпқабаты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен Грузияда ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Ибрахимили ауданындағы үйінді орнынан видео жариялады

Жедел ақпарат бойынша құтқарушылар үйінді астынан қайтыс болған адамның денесін шығарды
07.02.2023 | 22:25

Түркиядағы жер сілкінісі: 3 қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті

Қазақстандықтар зілзала болардан бір күн бұрын контент түсіру үшін Хатай қаласына барған
07.02.2023 | 21:35

Қостанай облысында жол апатынан егіз балалар мен анасы қаза тапты

Жол апаты салдарынан 3 адам – 9 жасар егіз балалар және олардың 33  жастағы анасы қаза тапты.
07.02.2023 | 20:45

Түркияның 10 провинциясында 3 айға төтенше жағдай режимі енгізілді

Түркия президенті соңғы мәлімет бойынша, Түркияда жер сілкінісінің құрбаны 3 549 адам болғанын, 22 168 адам жарақат алғанын айтты.
07.02.2023 | 19:50