×

Алматыда үлескерлердің ақшасын иемденген алаяқ сотталды

Алынған учаскелер жәбірленушілердің залалын өтеу үшін қайта сатылады

 Динара Амантай 24.07.2024 | 10:42
Фото: golos-naroda.kz

Алматыда үлескерлердің ақшасын иемденген алаяқ сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Наурызбай ауданы прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылы «Flora City Stroy» ЖШС директоры құрылыс салуға рұқсаты болмастан, «instagram», «krisha.kz» әлеуметтік желілерінде «Lantana» және «Flora» тұрғын үй кешені құрылысының басталғаны жөнінде жарнама берген.

Одан кейін ол клиенттерді алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы алдын-ала сатып алу-сату шарттарын жасап, 290 млн теңге көлемінде 34 үлескердің ақшасын иеленген.

Бостандық аудандық сотының 2024 жылғы 21 маусымдағы үкімімен компания директоры ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен («Аса ірі мөлшердегі алаяқтық») кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Алынған учаскелер жәбірленушілердің залалын өтеу үшін қайта сатылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама