Көрсетілмеген қызметтерді қосып жазу көбейген
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы уақытта қазақстандықтардың мобильді қосымшаларында көрсетілмеген медициналық қызметтерді қосып жазу жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Аталған жағдай экономикалық залалдан бөлек, қоғамның денсаулық сақтау жүйесіне деген сеніміне нұқсан келтіреді. Қолданыстағы бақылау мен мониторинг жүйелері мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жеткіліксіз болып отыр.
Осыған байланысты министрлік медициналық қызметтерді қосып жазудың алдын алуға бағытталған жаңа тетіктерді әзірлеп бастады. Олар:
Жұмыс тобы бақылауды күшейту үшін қосымша шараларды енгізуді де қарастырады. Жақын арада олардың тиімділігін және елдің медициналық мекемелерінде практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау үшін ұсынылған тетіктерді бағалау жүргізіледі, – делінген министрлік хабарламасында.