ІІМ Qarmet-тен ұрлық жасаған күдіктілерге іздеу жариялады
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған
Ішкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ-дан аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікпен қылмыстық топтың екі мүшесіне іздеу жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Күдіктілер:
- Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 1987 жылы 2 сәуірде Абай облысында туған. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған. Оған тағайындалған бұлтартпау шарасы – «қамауда ұстау».
- Чижевский Андрей Александрович, 1987 жылы 29 қарашада Қостанай облысында туған. Оған тағайындалған бұлтартпау шарасы – «қамауда ұстау».
Іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз, – делінген полиция хабарламасында.