×

Ардагер спортшы қаржылық қолдау көрсетуден бас тартқан министрлікті сотта жеңіп шықты

Сот министрдің атына жеке ұйғарым шығарды

 Динара Амантай 23.07.2024 | 18:09
Фото: Depositphotos

Ардагер спортшы қаржылық қолдау көрсетуден бас тартқан министрлікті сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іс материалдарына сәйкес, спортшы 2023 жылғы қыркүйекте Өзбекстанда болған гір спорты бойынша әлем чемпионатына қатысқан. Ол 65-69 жас аралығындағы топта 85 келі салмақта бірінші орынды иеленген. 2024 жылғы мамырда спортшы ақшалай қолдау алу үшін Туризм және спорт министрлігіне жүгінген. Уәкілетті орган төлемді беруден бас тартқан. Министрлік спортшының ұлттық құраманың мүшесі емес екендігін, ардагер спортшыларға ақшалай қолдау қарастырылмағанын негізге алған. Сондай-ақ ол уақтылы төлем алуға өтініш білдірмегенін, жарысқа 20-дан аз ел қатысқанын төлем жасаудан бас тартуға негіз ретінде көрсеткен.

2024 жылғы 23 шілдеде Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен спортшының арызы қанағаттандырылды.

Сондай-ақ, сот министрдің атына әкімшілік рәсімдерді жүргізуде біркелкіліктің жоқтығын көрсете отырып, жеке ұйғарым жолдады. Және де сот практикасының болуына қарамастан министрлік қызметкерлері тарапынан сот актілерін талдаудың болмауы туралы да көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама