Олар мемлекетке 63 млн теңге залал келтірді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшылығы сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шығыс Қазақстан облыстық соты 12 шілдеде көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б. Нұралиев пен оның орынбасары А. Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды.
Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді асыра тасымалдау арқылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз аралсқаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушылардың қылмыстық әрекетінің салдарынан мемлекетке 63 млн теңге залал келтірілді.
Сот үкімімен Б. Нұралиев пен А. Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – делінген Антикор хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.