Жобаның құны 2,1 млрд теңгеден асады
Алматыда күн панельдерін шығаратын жаңа зауыттың капсуласы салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Зауытқа «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағынан 2 гектардан астам жер телімі бөлінген. Ауданы 2,5 мың шаршы метр болатын зауыт «TGS-Solar» брендімен жылына 250 мың күн модулін шығарады. Бір модульдің қуаты 585 Вт болады. Кәсіпорында 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Зауыт күн панельдерін құрастыруға арналған автоматты желілермен, лазерлік плазмалық кескіштермен және автоматты дәнекерлеу машиналарымен жабдықталады.
Жобаның құны 2,1 млрд теңгеден асады, оның 500 млн теңгесі «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы – «Алматы Қаржы» ЖШС-нің жеңілдікпен берілген несиесі.