Премьер-министр тиісті қаулыға қол қойды
Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы тасқыннан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қостанай облысында Жангелдин ауданындағы Айса Нұрманов атындағы мектеп ғимаратын жөндеу жоспарланған. Ақмола облысында Атбасар қаласында №1 мектеп, Атбасар ауданы Сергеевка ауылында «Есіл» сауықтыру кешені, сондай-ақ Державинск қаласында Абай атындағы мектеп салынады. Ақтөбе облысында Көтібар батыр атындағы мектеп және Мұғалжар ауданындағы «Балауса» балабақшасы, Ойыл ауданындағы «Балбөбек» мектеп-бақшасы мен балабақшасы, Екпетал мектебі қамтылады.
Жергілікті әкімдіктер бөлінген қаражатты пайдаланып, бүлінген ғимараттарды алдағы оқу жылы басталғанға дейін уақтылы қалпына келтіруге тиіс.