Өңірде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың жүк көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Өңірде жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес аясында облыс полицейлері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады. Бұл ретте Сауран ауданында рейд өтіп, 1 тәулікте заңсыз жер қойнауын тасымалдаудың 5 жайты анықталды. Жүк көліктері айыптұраққа қойылды. Ал құжаттар әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін экология департаментіне жолданды.
Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» дерегімен 4 қылмыстық іс тіркелген. Одан бөлек заңсыз жер қойнауын пайдаланудың 150 дерегі анықталып, жинақталған құжаттар «Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бабымен экология департаментіне жолданған. Айыптұраққа 164 жүккөлігі, 17 арнайы техника қойылған.