×

Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жіберді

Келісілген мәміле бойынша өзбек тарапы су көлемін 4 айда жіберді

 Динара Амантай 23.07.2024 | 10:25
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

1 сәуірден бері Өзбекстан Сырдария өзені арқылы Қазақстанға 3,9 млрд текше метр су жіберді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұған дейін келісілген мәміле бойынша өзбек тарапы су көлемін 4 айда жіберді. Суару кезеңі аяқталғанға дейін Өзбекстан Қазақстанға тағы 1 млрд текше метр су жібереді деп күтіледі.

Бүгінде Шардара су қоймасында 2,6 млрд текше метр су бар, оған 3,9 млрд текше метр су келді. Ал одан Сырдария өзеніне 3,6 млрд текше метр су жіберілді. Сондай-ақ Қызылқұм каналына 700 млн текше метр су, ал 400 млн текше метр Солтүстік Арал теңізіне жіберілді.

Министрлік өкілінің айтуынша, алдын ала келісудің нәтижесінде Тоқтоғұл және Бахри-Точик су қоймаларынан «Достық» мемлекетаралық каналының қазақстандық бөлігіне су тұрақты түрде келіп отыр. Қазір аталған канал арқылы елімізге секундына 90 текше метр су келеді. Бұл Түркістан облысының шаруаларын суармалы сумен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама