Halyq Uni логотип
×

Биыл елімізде 31 есірткі зертханасы жойылды

Өндірушілерден 200 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

 Динара Амантай 23.07.2024 | 09:31
Биыл елімізде 31 есірткі зертханасы жойылды
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері 31 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, зертханалардың 17-сі синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған. Есірткі өндірушілерден шамамен 186 келі синтетикалық есірткі және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленген.

Ақтөбеде 34 жастағы тұрғын ұсталды. Ол ірі көтерме саудаға арналған пакеттерге мефедрон салған. Оның жалдамалы пәтерінде 440 грамм есірткі тәркіленді. Одан әрі тергеу әрекеттері кезінде күдікті екі пакет жасырылған жерді көрсетті. Олардың әрқайсысында 25 орамнан болған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – жарты келі немесе мыңнан астам бір реттік доза.

Семейде 20 жастағы жігіт пен қыз ұсталды. Жеке тінту кезінде олардан синтетика салынған орамдар тәркіленді. Ұсталған кезде олар заңсыз заттардан құтылуға тырысқан. Қызметтік-іздестіру иттің көмегімен кинологтар қызға тиесілі барсетканы анықтады. Оның ішінде 64 есірткі орамы болған. Ұсталғандардың пәтерінен гашиш пен мефедрон салынған тағы 38 пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 100 грамм.

Самара – Шымкент тас жолындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 21 жастағы Шымкент тұрғыны марихуанамен ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында оның тұрғылықты жерінен төрт пакетке салынған 300 грамм мефедрон тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалды.

Айта кетсек, ұсталғандар 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама