×

Тоқаев Мысыр президентін құттықтады

Мемлекет басшысы бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.

 Динара Амантай 23.07.2024 | 09:09
Фото: t.me/aqorda_resmi

​Мемлекет басшысы Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni.

​Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін зор ризашылықпен атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестігіміз болашақта да өзінің жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама