×

Бүгін елдің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Жоғары өрт қауіпі күтіледі

 Халық үні 23.07.2024 | 07:30
фото: fruitnice.ru

Синоптиктер 23 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады.

Ұлытау облысының бытысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматыда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыста төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың шығысында тұман. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысында батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар. Өңірдің орталығы мен оңтүстігінде де төтенше өрт қауіпі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама