Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі рөлі оң жағында орналасқан көліктерді Қазақстанға әкелуге салынған тыйымды тағы жарты жылға ұзартпақ.
Құжат 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылады.
Еске сала кетсек, Қазақстанда қаңтар айында рөлі оң жағында орналасқан жеңіл көліктерді елге әкелуге тыйым салынған болатын.
Шектеулерге мына талаптар кіреді:
- екі немесе төрт жетекші дөңгелегі бар төрт дөңгелекті жоғары қозғалмалы моторлы көлік құралдары, мотоцикл (седла) типті орындықпен, екі алдыңғы дөңгелек үшін қолмен басқару тетіктерімен жабдықталған;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1000 см³ астам, бірақ 1500 см³ артық емес;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 3000 см³ артық емес;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 3000 см³ астам;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ аспайтын;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 2500 см³ артық емес;
- қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 2500 см³ астам;
- Поршенді қозғалтқышымен немесе электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін көлік құралдары, электр қуатының сыртқы көзіне қосу арқылы зарядталатындардан басқа.