Halyq Uni логотип
×

Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге салынған тыйым тағы ұзартылады

Ондай көліктерді елге әкелуге қаңтар айында тыйым салынған болатын

 Халық үні 22.07.2024 | 20:02
Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге салынған тыйым тағы ұзартылады
фото: exclusive.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі рөлі оң жағында орналасқан көліктерді Қазақстанға әкелуге салынған тыйымды тағы жарты жылға ұзартпақ.

Құжат 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда қаңтар айында рөлі оң жағында орналасқан жеңіл көліктерді елге әкелуге тыйым салынған болатын.

Шектеулерге мына талаптар кіреді:

  • екі немесе төрт жетекші дөңгелегі бар төрт дөңгелекті жоғары қозғалмалы моторлы көлік құралдары, мотоцикл (седла) типті орындықпен, екі алдыңғы дөңгелек үшін қолмен басқару тетіктерімен жабдықталған;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1000 см³ астам, бірақ 1500 см³ артық емес;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 3000 см³ артық емес;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 3000 см³ астам;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ аспайтын;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 1500 см³ астам, бірақ 2500 см³ артық емес;
  • қозғалтқыш цилиндрінің көлемі 2500 см³ астам;
  • Поршенді қозғалтқышымен немесе электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін көлік құралдары, электр қуатының сыртқы көзіне қосу арқылы зарядталатындардан басқа.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама