Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі шаралар күшейтілді
Соңғы уақытта әуе апаттарының жиілеуіне байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шағын авиация пайдаланушыларының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейтпек, деп хабарлайды Halyq Uni.
Авиация әкімшілігі апатты оқиғалардың қайталануын алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған азаматтарды әкімшілік жауапқа тарту шараларын күшейтеді.
Сондай-ақ, пайдаланушыларға Ан-2 үлгісіндегі барлық әуе кемелеріне қосымша бағалау жүргізу, авиациялық қызметкерлердің ұшуды орындауға дайындығын бақылауды күшейту және басқа да алдын алу шаралары мәселелері бойынша нұсқаулар берілді.
Апатты оқиғалардың себептерін тергеуді Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиясы іске асырады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Ұшқыш жанып жатқан әуе көлігінен өз бетінше эвакуацияланды.