Дерматология орталығының басшысы халықаралық институттан қомақты пара алған
Антикор сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр
Дерматология орталығының басшысы халықаралық институттан қомақты пара алған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикордың мәліметінше, Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасқаны үшін Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Соттың санкциясымен Орталықтың басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.