ҰҚК 22 адамнан тұратын топты әшкереледі
Шымкентте ҰҚК 22 адамнан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын әшкереледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, олар биылғы наурыз-сәуір кезінде «Рамазан» айында «ауызашар» өткізу сылтауымен діни жиындар өткізген. Жергілікті жақтастарының санын көбейту үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.
Тінту барысында елімізде тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабынының 1-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталды. Осыған байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы елдің конституциялық құрылысын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымдарға кіруге үгіт-насихат немесе шақыру үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді, – делінген прокуратура хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.