×

Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Әңгіме барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынасын талқылады

 Халық үні 22.07.2024 | 15:21
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Әңгіме барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама