Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысының 2 тұрғыны синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған

Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Динара Амантай 22.07.2024 | 11:22
Түркістан облысының 2 тұрғыны синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталды

Олардан 60 келіден аса психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ «синтетика» дайындауға арналған жабдықтар алынды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама